Компания туралы
1997 жылдың қараша айынан Қазақстан Республикасының Үкіметіжәне Қарашығанақ кенорнындағы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы арасында «Өнімді бөлу туралы» 40-жылдық Біржолғы келісім жасалды. Жер қойнауының мұнайы әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ететін жаңа өндірістік объектілер қажеттілігі туындады.
Міндетті атқару үшін кенорынды қажетті құрылыс материалдармен теміржол тасымалдаумен қамтамасыз ету қажет болды, ал құрылыс аяқталғаннан кейін жүктерді темір жолмен тасымалдау жөн болды. Осыған байланысты бұл қызметті жоғары деңгейде жүргізетін компанияны қатыстыру қажет болды. Осы мақсатта ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК «КӨЛІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ «ҚАЗИНТЕРФРАХТ-АҚСАЙ» құрылды.
Қазіргі күні «Көлікті-экспедициялық компания «Қазинтерфрахт-Ақсай» ЖШС жалпы Қазақстан бойынша және Батыс аймақта жұмыс көлемі бойынша ең ірі мекемелердің бірі, 1999 жылдың 07 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының Әділет Басқармасында тіркелген.